Рус | Қаз Домашняя страница Виртуалдық қабылдау Сайт картасы

Солтүстiк Қазақстан облысы туралы жалпы мәлiметтер

  1. Солтүстiк Қазақстан облысы 1936 жылы құрылды.
  2. Территориясы — 97,99 мың ш. км, республика аумағында үлес салмағы 3,6 пайызды құрайды.
  3. Халқы
    Халық саны 2008 жылғы 1 қаңтарға 653,8 мың адамды құрады, немесе республиканың жалпы халқынан 4,2 пайыз.
    Қалалық халық саны 230,1 мың адамды құрады, немесе 35,2 пайыз, селолық — 423,7 мың адам, немесе 64,8 пайыз.
    Ұлттық құрамы бойынша ол келесi түрде көрiнедi:
  4. қазақтар 216,5 мың адам, немесе 32,8 пайыз;
    орыстар 324 мың адам, немесе 49 пайыз;
    Басқа халықтар  120,5 мың адам, немесе 18,2 пайыз.
  5. Облыс орталығы — Петропавл қ., 1752 жылы негiзi қаланған, халқы 194,0 мың адам құрайды.
  6. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлу (1.01.2008 ж):
    1. Селолық аудандар 13
    2. Облыстық бағыныстағы қалалар 1
    3. Аудандық бағыныстағы қалалар 4
    4. селолық (ауылдық) округтер 208

Өлке тарихынан

Қазақстанның аумағында адам шамамен 1 млн. жыл бұрын пайда болғаны туралы, ертедегi палеолит еңбегi құрал-саймандарының ең ертедегi олжалары екенiн куәландырады.

Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи шарттары оның көрiнiстерiмен, климатпен, фаунамен және флорамен, плейстоцен шекарасында және гопоцена өлкесi елдiң қоныстануына белсендi қамсыздандырады. Бұған негiзгi өзендер Есiл, Тобыл, Ертiстiң ағын бағыты меридианалдық жағдай жасады.

Солтүстiк Қазақстан аумақтарында неолитте атбасарлық мәдениет орналасқан болатын.

Неолит аяғына қарай тас өңдеулерi мен халық шаруашылық тәртiбiнде техникада көрiнетiн өзгертулер пайда бола бастады.

Шекарада бiздiң дәуiрге дейiнгi 3 және 4 мың жылдарында климаттық күште немесе демографиялық Алдыңғы Азияда өзгертулердiң болуы мүмкiн және оған көршiлес аумақтардың құйылуы даладағы және орманды даладағы аймақта өз тәртiбi және дәстүрлерiмен жаңа халықтың болуынан.

Орал және Омбы өө. аралық жолақтың дала және орманды далалық үлкен аумағында андроновтың мәдени-тарихи болуының аяқталу кезеңiне сарғалалық және сарғалалық — Алексеевка мәдениетi құрамы құрылды.

Еуразия орта ғасыр дала белдiк жалпы тарихтың жағдайы этнополитикалық қатарын жасауымен есте қалады және мемлекеттiк бiлiмдердiң, сонымен қатар Шығыс, Орталық және Солтүстiк Қазақстан бөлiгiнде алдымен Кимекте, сосын қыпшақ қағанатында пайда болды.

Түрiк заманында Қазақстанның бастақ аумағы өзiнiң тарихи дамуына және жағрапиялық жағдайына байланысты көп жылдар бойы Шығыс пен Батыстың арасындағы өткел болды. Ал оның тума халқына мындаған жылдар бойы Еуразияның көш-қон жолының қақ ортасында өмiр сүруге тура келдi. Осы кезден бастап Ұлы дала белдiгiнiң кең бөлiгi Түркiстан, немесе түркi елi болды.

Моңғол басқыншылығы жергiлiктi тұрғындардың этникалық құрылысына үлкен өзгерiстер енгiздi. Солтүстiк-Батыс, Солтүстiк және Орталық Қазақстан аумақтары Ертiстен, Балқаштан, Арал теңiзiнен батысқа қарай Ан-Нувейридiң мәлiметтерi бойынша Жошы ұлысына кiрген.

14-15 ғасырларда тұрғындардың әр түрлi мемлекеттер жүйесiне кiруi, бұрынғы моңғол ұлыстары сияқты Қазақстан аумағында бiрнеше этникалық жүйенiң бiрiгуi үш жүздiң құрылуын анықтады.

Бiздiң өлке тарихы 18 ғасырдағы Орталық Азияның ең беделдi мемлекет қайраткерлерiнiң бiрi Абылай ханмен байланысты. Абылай Қазақ хандығын қалаған Жәнiбек ханның үлкен тармағына жатады. Абылай сұлтан Орта жүздiң ханы Әбiлмәмбетпен 1740 жылы Ресей бодандығын қабылдады және әрқашан ресейлiк Петербург, Орынбор, Омбы, Цин империясы өкiметiмен қарым қатынаста болып тұрды.

Петропавл қаласы транзиттiк сауда-айырбас операциялардың арқасында өсiп дамыды. Әсiресе 19 ғ. бiрiншi жартысына Петропавл кеденiнiң айналымы өстi, оның қызмтi арқасында Моңғолия, Қытай, Ташкент, Қоқанд, Хиуамен транзиттiк керуен саудасы қалыптасты. 19-шi және 20-шi ғасырлар шекарасында қала мен оған жуық жерлерде базарлар және жәрмеңкелер өткiзiлiп тұрды.

Өлкенiң экономикалық инфрақұрылымының дамуына 1894 жылы Транссiбiр темiр жолының Петропавл стансасының ашылуы ықпал еттi, соның нәтижесiнде қала шығыс пен батысты байланыстыратын маңызды көлiк торабы болып қалды.

Ресейдегi 1917 жылғы Қазан төңкерiсi Солтүстiк Қазақстанның жағдайына әсер еттi. 1917 ж. 8 қарашада Петропавл Кеңесi Уақытша үкiметтiң Петропавл коалициялық комитетiн босатып жiбередi.

Азаматтық соғыс жылдары большевиктер өткiзген «әскери коммунизм» саясаты шаруа көтерiлiсi, ашаршылық және құлдырауға әкелiп соғады. Нарықтық қатынас енген соң, 1922 жылдан бастап облыста ауылшаруашылық өндiрiсiнiң өсуi белгiленедi.

1930 жылдан бастап ұжымдастыру және «кулачествоны жою» басталды.

20-30-шы жылдары облыста әйгiлi ақындар мен жазушылар М.Жұмабаев, И.П.Шухов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов, С.Марков, В.Иванов, Г.Тверитин, М.Дәулетбаев, Ж.Сыздықов және тағы басқалар еңбек еттi. 1937 жылы Петропавл мұғалiмдер институты ашылды. 30-шы жылдары облыс аумағында 30 аурухана құрылды. 1932 жылы Петропавлда Емдеудiң физикалық әдiстерi қазақ өлкелiк институты ашылды.

Ұлы Отан соғысының басында облысқа 20 өнеркәсiптiк кәсiпорынның жабдықтары көшiрiлдi. Соғыстың алғашқы күндерi Петропавлда 314-шi атқыштар дивизиясы қалыптасты. Петропавлда әскери-өнеркәсiптiк кешен, ТЭЦ-1 құрылды.

Бұрынғы Кеңес басшылары 1954 жылы соғыстан кейiнгi тың және тыңайған жерлердi игеру есебiнен ауыл шаруашылығын қалпына келтiру, қиыншылықтарын жою шешiмiн қабылдады. Солтүстiк Қазақстан облысына 1954 жылғы 1 наурызда Алматы қ. тыңшылардың бiрiншi жасағы, екiншi эшелоны — Мәскеуден келдi. Тың жылдары 19 жаңа совхоз ұйымдастырылды, халық тұтынатын тауарлар және машина жасау өнiмдерiнiң өндiрiсiнде айтарлықтай қозғалыстар болды.

70-80-шi жылдары өнеркәсiптiк өндiрiстiң өсуi, көлiк, құрылыс салаларының дамуы белгiленедi. Облыста 92 өнеркәсiптiк кәсiпорын саналды, солардың iшiнде 14-кеңес және 38-республикалық бағыныстағы. Қазiргi уақытта облыстың көпұлттық құрамы сақталады. Мемлекеттiң ұлттық саясатын iске асыру облыстық Қазақстан халықтар Ассамблеясы және Халықтардың ұлттық-мәдени орталығы ұйымдарының шеңберiнде жүргiзiледi.

Географиялық жағдайы және табиғи ахуалы.

Географиялық жағдайы. Облыс Ресейдiң Калуга, Тула, Тамбов облыстары орналасқан ендiкте тұр. Алайда, теңiздер мен мұхиттардан алшақ жатқанына қарай кенет континенталды климатпен сипатталып табиғи ахуал жағынан ол облыстардан айтарлықтай өзгешiлiктерi айқындалады. Оның және шекутес аумақтардың жалпы жазықтығы еркiн меридианалдық және ендiктiк ауа айналымына ықпал етедi.

Солтүстiк Қазақстан облысының минералды-шикiзаттық базасы. Облыста пайдалы қазбалардың әр түрлерi зерделенiп, айқындалды. 286 кен көзiне барлау жұмыстары жүргiзiлдi. Одан 34-металлдық, 2-металлдық емес, 217-құрылыстық және технологиялық шикiзаттық, 33-жер асты сулардың, 6-минералды.

Облыс аумағы Солтүстiкқазақстандық уран-кен, алмас тасымалдайтын және қалайы-сирекметаллды түкпiрi болып табылады. Минералды шикiзаттардың айтарлықтай қорлары айқындалған жоқ, олар Қазақстан Республикасының балансында мынаны құрайды: қалайы бойынша — 65 %, цирконий бойынша — 36,6 %, уран бойынша — 19 %, титан бойынша — 5 %, вольфрам бойынша — 1,1 %. Минералдық — шикiзаттық базаның кеңеюiнiң келешегi өте зор, әсiресе облыстың оңтүстiк батысында. Мұнда алтынның, күмiстiң кен көрiнiсi, техникалық және зергерлiк алмас, қалайы, титан, түстi және сирек металлдар, құба көмiрлердiң бiрқатар маңызды кен көздерi бар.

Грачев, Косачин, Семiзбай уран кенiштерi, Обухов-титан-цирконий кенi, Сырымбет-қалайы, алтын кенiштерi: Солтүстiк Байүлестi және Домбыралы-2 игеруге дайын болып табылады.

Құрылыстық тас пен құмның кейбiр кенiштерi ғана пайдалануда. Жақсытұз көлiнiң кенiшiнде ауыз тұздың барлауы жүргiзiлдi. Есiл және Айыртау аудандарында алтын мен күмiстiң кенiштерiн өнеркәсiптiк бағалау мақсатында геологиялық — барлау жұмыстары жүргiзiлуде. Тұз қорлары мемлекеттiк балансқа қойылды. Обухов-титан-цирконий кенi, Сырымбет-қалайы кенiштерiнiң өнеркәсiптiк зерттемесi жүргiзiлуде.

Облыстың әлеуметтiк-экономикалық паспортына түсiндiрме жазба

Демографиялық жағдай, көшi-қон

Облыс халқының саны жыл басымен салыстырғанда 7,2 мың адамға азайды, немесе 1,1 %, және ағымдағы есептi мәлiметтер бойынша 2008 жылғы 1 қаңтарға 653,8 мың адамды құрады, солардың iшiнен 230,1 мың адам (35,2%) қалаларда тұрады және 423,7 мың адам (64,8 %) — селолық жерлерде.

2007 жылы өлгендер саны туғандар санынан 1039 адамға асты (қаңтар-желтоқсанда 2006 жылы — 914 адамға).

2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 8114 жаңа туған бала тiркелдi, бұл 2006 жылғы ұқсас мерзiмнен 194 сәбиге аз.

2007 жылы 9153 өлiм тiркелдi 2006 жылғы 9222 қарағанда (азаю 1,0 %).

Қан айналым мүшелерiнiң аурулары өлiмнiң ең жиi себебi болып табылады (бәрiнен 45,4 %)

2007 жылғы көшi-қон процесстерiнде көшi-қон сальдосы керi болып қалады, және де оның мөлшерi 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 9 есе шамасында ұлғайды. Көшi-қонның кемуi 2007 жылы 6151 адамды құрады. Бұл ретте қалалық жерде көшi-қон өсiмi байқалады: келгендер саны кеткендер санынан 582 адамға артық. Ауылдық жерде көшi-қонның керi сальдосы байқалады, ол 6733 адамды құрады.

Қоғамдық және дiни бiрлестiктер

Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде әрекет етедi 10 қоғамдық-саяси партияның филиалдары тiркелген: «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан коммунистiк партиясы, «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистiк халық партиясы, «Нағыз «Ақ жол» ҚДП, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы, «Әдiлет» Демократиялық партиясы», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. «Алға!» ХП құру жөнiндегi облыстық ұйымдастыру комитетi қызмет жасайды.

2007 жыл бойынша саяси партиялардың белсендiлiгi ҚР Парламент Мәжiлiсi және барлық деңгейдегi мәслихат депутаттарын сайлаумен келiсiлген. Сайлауға қатысқан партиялар арасында ең көп дауыс алған «Нұр Отан» халық демократиялық партиясы — 91,13 пайыз жеңiмпаз атанды. Солтүстiк Қазақстан облысында сайлаушылардың қатысуы 76,54 пайыз қурады. Партиялық тiзiмдер бойынша солтүстiкқазақстандықтардан сенiмдi қолдау алған «Нұр Отан» ХДП облыстық партия ұйымынан шыққан 4 кандидат ҚР Парламентi Мәжiлiсiне, Қазақстан халықтары Ассамблеясынан Р.Полищук депутаттыққа сайланды.

Облыста өз ұлттарының салт-дәстүрiн, мәдениетiн, тiлiн дамыту бойынша жұмыстар жүргiзетiн 18 ұлттық-мәдени орталықтар тiркелiп, жұмыс жасауда. 217 дiни бiрлестiктер мен топтар жұмыс жасайды (барлығы 202 дiни бiрлестiктер тiркелген) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын 36 азамат бар.

Статистика бойынша Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша экономика салаларының кесiндiсiнде жалпы өңiрлiк өнiмнiң құрылымы келесi деректермен сипатталады:

  2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл 2006 жыл
Ауыл шаруашылығы 41,6 38,8 38,55 36,42 36,2 30,9
Өнеркәсiп  16,6 14,3 14,45 13,7 11,8 9,9
Құрылыс 0,7 1,5 1,98 1,4 3,2 3,1
Көлiк және байланыс 9,9 10,4 12,88 12,30 10,8 10,5
Сауда 11,8 12,2 14,45 18,9 17,8 15,4
Басқа 19,4 22,8 17,66 17,3 20,2 30,2

Ескерту: 2007 жылғы көрсеткiштер 2008 ж. мамырда ұсынылады.

Өнеркәсiп

Жоғары өндiрiстiк және кадрлық әлеуетке ие облыс экономикасының өнеркәсiптiк саласы қызмет түрлерiнiң кең спектрiмен ұсынылған.

Өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымында келесiлер ең мол үлес ала-ды: тамақ өнiмдерi өндiрiсi — 43,2 %; машинажасау — 17,8 %, электр энергиясы, газ және су өндiру мен тарату өндiрiсi — 24,3 %. Соңғы жылдар iшiнде резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдар (2000 жылғы 0,3 %-дан 2007 жылғы 2,8 %-ға дейiн), метал емес басқа минералдық өнiмдер (1,0 %-дан 3,1 %-ға дейiн), терi өндiрiсi, терiден жасалған бұйымдар және аяқ киiм (0,1 %-дан 0,3 %-ға дейiн) өндiрiсiнiң үлесi артты.

Облыс өнеркәсiбiнiң жағдайын сипаттай отырып, соңғы бес жыл ағымында өнiм шығарудың арту үрдiсi байқалатынын атап өткен жөн.

2007 жылы барлық өнеркәсiптiк өнiм өндiрiсiнiң көлемi 2003 жылға қарағанда 26,8 %-ға артты.

2007 жылдың қорытындылары бойынша облыстың өнеркәсiп секторымен 52,5 млрд. теңге сомасына өнiм шығарылған, өнеркәсiптiк сипаттағы қызметтер көрсетiлген, бұл 2006 жылдың көрсеткiштерiнен 1,1 % артық.

Өнеркәсiпте негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 11,2 млрд. теңгенi құрады.

Өткен жылы өнеркәсiпте 19 жаңа өндiрiс енгiзiлген. Жаңа өндiрiстi енгiзу, қолданыстағыларды қайта құру және кеңейту есебiнен 1042 жұмыс орны құрылған.

Машина жасау саласы. Бүгiнгi күнi салада мұнай-газ, көлiктiк және ауыл шаруашылық машинажасау — үш негiзгi бағыт қалыптасқан.

Өндiрiс көлемдерi жетекшi кешендер мұқтаждары үшiн импорт алмастыратын өнiм шығару есебiнен артады.

Өңдеу өнеркәсiбiнiң 23,9 % көлемiн алатын машина жасау саласында 9367,3 млн. теңгеге өнiм шығарылған.

Өндiрiс көлемi өсiмiн 2,4 есе — «ЗИКСТО» АҚ, 1,8 есе — «Қазмұнайгазмаш» АҚ филиалы, 16,6 %-ға — «Поиск» ВФ ЖШС, 2,2 %-ға — «Киров атындағы зауыт» АҚ қамтамасыз еткен.

2007 жылдың қорытындылары бойынша машина жасау кәсiпорындарының республиканың өнеркәсiптiк кешендерiне және шетелдiк әрiптестерге өнiм жеткiзуге арналған тапсырыстарының портфелi 14,6 %-ға өстi және 2006 жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 10,9 млрд. теңгенi құрады, соның iшiнде жетекшi өнеркәсiптiк кешендер үшiн 6,3 млрд. теңгеден астам сомаға өстi.

Өнiм жеткiзу жөнiндегi шарттардың ең мол көлемi темiр жол компанияларымен — 3,4 млрд. теңгедей және мұнай-газ кешенiмен 2,7 млрд. теңгеге жасалған.

Жасалған шарттар аясында 2007 жылы машина жасау кәсiпорындарымен 2006 жылға қатысты 6,3 %-ға өсумен — 8,6 млрд. теңгеден астам сомаға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының жетекшi өнеркәсiптiк кешендерi үшiн 6,6 млрд. теңге сомаға дайындалған.

2007 жылы «ПЗТМ» АҚ екi инвестициялық жобаны iске асыруға кiрiстi: 615 млн. теңге сметалық құнымен «Осы заманғы технологиялар және жоғары өнiмдi жабдықтар енгiзу базасында машина жасау өндiрiсiн құру». «ПЗТМ» АҚ және «БРК-Лизинг» АҚ арасында жоғары өнiмдi жабдықтың 36 бiрлiгiн лизингке беруге лизингтiк қызметтердiң мемлекеттiк сатып алу шартына қол қойылған. Жобамен көзделген жабдықтарды 2008 жылдың аяғына дейiн жеткiзудi аяқтаумен, оларды сатып алуға шарттар жасау жүргiзiлуде.

2007 жылы «ЗИКСТО» АҚ 565 млн. теңге сметалық құнымен «Қолданыстағы өндiрiстiк алаңдарда жаңа жүк вагондарын жинақтау жөнiндегi өндiрiстiк қуаттар құру» инвестициялық жобасын iске асыруға кiрiстi. 2008 жылдың бiрiншi жартыжылдығында әр тұрпаттың сынақтық үлгiлерi дайындалатын болады.

«Қазақстан темiр жолы» ҰК АҚ мұқтаждары үшiн темiржол автоматикасы мен байланысының құралдары өндiрiсiн ұйымдастыру «Киров атындағы зауыт» АҚ дамуының перспективалық бағыттарының бiрi болып табылады. Кәсiпорын «Ижев радио зауыты» ААҚ-пен (Ижев қ.) бiрлесе темiржол кешенi үшiн өнiм шығаруды жалғастыруда («КЛУБ-У18 KZ» қауiпсiздiктiң кешендi локомотивтiк құрылғысы және РС-46 МЦ, Радий-301 радиостанциялары).

2005 жылы мұнай мен газды шығару және тасымалдау үшiн жабдықтар өндiрiсi бойынша құрылған «Қазмұнайгазмаш» АҚ Петропавл филиалы 2007 жылы өндiрiс көлемiн 1,8 есе арттырды. Iлгерiде игерiлген жоғары және төменгi қысымдағы запорлық арматура, сыналық ысырманың сериялық өндiрiсiн жалғастыра отырып, кәсiпорын 2007 жылы электржетекпен сыналық ысырманы шығаруды игерген.

Өңдеу өнеркәсiбi

Химия өнеркәсiбi. Осы салада 2007 жылы 286,2 млн. теңгенiң өнiмi шығарылған, бұл 2006 жылдың көрсеткiштерiнен 7,4 есе артық. Өңiрде «Қазақстан Даму Банкi» АҚ қаражаттары есебiнен «BIOHIM» компаниясы» АҚ-мен 117 млн. АҚШ доллары құнымен «Биохим» өндiрiстiк кешенi» «серпiлiстi» инновациялық жоба iске асырылған. Кешендi пайдалануға беру астықты терең өңдеудi және жоғары қосылған құнымен бәсекеге қабiлеттi өнiмдер өндiрiсiн қамтамасыз еттi, өңiрде кластерлiк даму негiздерiн қалады. Технология өндiрiс қалдықтарының ең төменгi шығуымен және бензиннiң октандық санын арттыратын және атмосфераға зиянды тастамаларды кемiтетiн бензинге жоғары октанды «Биоэтанол» биоқосымын игерумен астық өңдеудiң қазiргi заманғы әдiстерi негiзiне негiзделедi. 2007 жылы кәсiпорынмен 3845 тонна отындық этанол, 1121 тонна денатурирленген этил спиртi, 56 тонна желiмтiк, 309 тонна жемдiк ашытқы және 230 тонна көмiр қышқыл газы өндiрiлген.

Тамақ өнiмдерi өндiрiсi. Қазiргi кезде салаға облыста шығарылатын өнеркәсiптiк өнiмнiң үштен бiр бөлiгi келедi. 2007 жылы тамақ өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi (үй шаруашылығы секторындағы өндiрiстi есептеумен) 22,7 млрд. теңгенi құрады, бұл 2006 жылдың көлемдерiнен 10,3 %-ға көп.

Өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарымен 2007 жылы өндiрiстi дамытуға 3,5 млрд. теңге инвестицияланған, бұл 2006 жылдың көрсеткiштерiнен 2,9 есе көп.

«Баско» ЖШС 17,6 млрд. теңге құнымен «Еуропалық Одақ стандарттары бойынша мал және құсты өнеркәсiптiк бордақылау кешенi, ет комбинаты» серпiлiстi инвестициялық жобасын iске асыруды жүзеге асырып жатыр. Осы жоба 2007 жылғы шiлде айынан iске асырылатын Қазақстан бойынша 22 серпiлiстi жобаға енген. Осы жоба «Биохим» өндiрiстiк кешенi технологиялық қатарының жалғасы болып табылады.

Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарымен 2007 жылы 235,7 млн. теңгенiң өнiмi шығарылған.

Терi, терi бұйымдары өндiрiсi және аяқ киiм өндiрiсiнде жағымды үрдiс байқалады. 2007 жылы 135,8 млн. теңгенiң өнiмi шығарылған, бұл 2006 жылдың көрсеткiштерiнен 2,3 %-ға көп.

Резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдар өндiрiсiнде жағымды өзгерiстер байқалады. 2007 жылы олардың көлемi 2006 жылдың көлемдерiне 29,7 %-ға өсумен 1472,3 млн. теңгенi құрады.

Құрылыс индустриясында инвестициялық белсендiлiк өстi. 1620,7 млн. теңгенiң өнiмi шығарылған, бұл 2006 жылдың көрсеткiштерiнен 23,4 %-ға көп. Өсiм цемент, бетон немесе жасанды тастан жасалған бұйымдар (5,1 %-ға), отқа төзiмдi қыш құрылыс кiрпiшi (12,7 есе), тауарлық бетон (14,2 %-ға) өндiрiсiнiң артуымен айқындалған. 2003 жылдың көрсеткiштерiне құрылыс материалдары өндiрiсiнiң көлемi 4,4 есе артты.

Тау-кен өнеркәсiбi белсендi дамып келедi, онда iрi инвестициялық жобалар қатары iске асырылып жатыр.

Тайынша ауданында — 3860,5 млн. теңге құнымен «Обухов титан-цирконий құмы кен орнын игеру» («Тиолайн» ЖШС).

Ақжар ауданында — 900 млн. теңге құнымен «Жылына 340 мың тонна қуатымен кварцтық құмды байыту жөнiндегi фабрика құрылысымен Айсары шыны құмдары кен орнын игеру» («Актобе Glass» ЖШС).

Айыртау ауданында — 13640 млн. теңге құнымен «Сырымбет» кен орнының құрамында қалайы бар кендерiн шығару және өңдеу жөнiндегi өндiрiс» («Сырымбет» АҚ).

Энергетика

Аумақтың экономикалық және әлеуметтiк сұраныстарын энерго-ресурстарымен қамтитын базалық болып есептелетiн энергетикалық сала облыстың кезеңдiк дамуына қолайлы жағдай туғызады.

2007 жылы Солтүстiк Қазақстан облысында электр энергияны өндiру 1878,8 млн. кВтч құрады, жылу энергияны өндiру 3168,8 мың Гкал құрады.

2007 жыл бойы жылу және электр энергияға тұтынушылар сұраныстарын толық қамтамасыз ететiн станция және тарату жүйелерi тұрақты жұмыс iстедi. Станцияның қуаты облыс экономикасының қажеттiлiгiн толық қамтамасыз етедi.

Ауыл шаруашылығы

Облыстың экономикаклық тұрақтылығы өңiрдiң басты экспорттық тауары болып табылатын — астықты өндiру айқындайды. Ауыл шаруашылық жер-судың аумағы 5,9 млн. га құрайды.

Облыстың үлес салмағы елдiң ауыл шаруашылық жалпы өнiмнiң (ЖӨ) жалпы көлемiнде 12 %-дан артығын құрайды. Облыстың экономика құрылымында аграрлық сектор үлесiне жалпы өңiрлiк өнiмнiң 35 % келедi.

Республикадағы ауыл шаруашылық жерлерiнiң 4 % ала отырып, облыс жыл сайын жалпы республикалық астық өндiру көлемiнiң төртiншi бөлiгiнен астам астық өндiредi, картоп — 15 %, ет — 6,6 %, сүт — 11 % және жұмыртқа — 9,4 %.

Соңғы жылдары дәндi дақылдардың егiстiк алқаптары тұрақтанды және 3,3 млн. га артық аумақты құрады. 2003 жылы бастапқы салмақта жалпы астық өндiрiсi 3504 мың тонна құрады, климаттық жағдайы жағымсыз болған 2004 жылы — 3124 мың тонна, 2005 жылы — 3970 мың тонна, 2006 жылы — 5197 мың тонна, 2007 жылы — 5679 мың тонна.

Ауыл шаруашылық өндiрiстi әртараптандыру мақсатында май дақылдарының егiстiк алқаптары артылды, олар 109,5 мың га алды, соның iшiнде рапс — 100,1 мың. га, бұл 2006 жылғыдан 18 % артық.

Майлы тұқымдардың өңдеуiн қамтамасыз ету үшiн Ғ.Мүсiрепов ауданында рапс майын жаңа заманғы шетелдiк технологиялармен өндiру зауыты жұмыс iстейдi. «Масло-Дел» ЖШС рапс майының өңдеу көлемi жылына 65 мыңнан 180 мыңға дейiн ұлғайту және зауыт қуатын ұлғайту жөнiндегi жобаны iске асыруды көздедi.

Картоптың 22 мың га және көкөнiстiң 3,9 мың га егiстiк алқаптары оларға халықтың сұранысын толық қамтамасыз ету мүмкiндiгiн бередi.

Машина-трактор паркiн жаңа ұрпақтың өнiмдiлiгi жоғары техникамен белсендi жаңарту жүргiзiлуде, 5 жылда ол 53,4 млрд. теңге сомаға сатып алынды, соның iшiнде 2006 жылы — 11,8 млрд. теңгеге, 2007 жылы — 18,7 млрд. теңгеге.

Мал шаруашылығы саласының көрсеткiштерi оның қарқынды дамуын дәлелдейдi. Саланы қарқындандыруға, индустрияландыруға және әртараптандыруға негiзгi бағыт алынды.

420 мың тауыққа арналған жұмыртқаға бағытталған жаңа заманғы құс фабрикасы жұмыс iстеп жатыр.

«ҚазАгрофинанс» АҚ қатысуымен «Зенченко и К» КС автоматтандырылған басқару жүйе мен 800 басқа арналған сүт кешенiн салу жөнiндегi пилоттық жобаны iске асыру аяқталуда, Канададан жоғары өнiмдi мал әкелiндi.

Бiрқатар басқа агроқұрылымдарда жаңа заманғы жоғары технологиялық мал шаруашылығы объектiлерiн салу және бар объектiлердi реконструкциялау жөнiндегi жобалар белгiлендi.

Астық пен ұн облыс өңiраралық саудасының негiзгi тауары болып табылады. 2007 жылы астық 2356,2 мың тонна көлемде алыс және жақын шетелдiң 35 елiне экспортталды, бұл 2006 жылғы деңгейден 1,8 есе артық. Астықтың негiзгi экспорты Ресейге, Әзiрбайжанға, Қырғызстанға, Тәжiкiстанға, Сауыд Арабиясына, Иранға, Туниске, Өзбекiстанға, Түркияға жүзеге асырылады. Осы мерзiмде Қазақстанның басқа облыстарына 1397 мың тонна астық тиелдi, бұл 2006 жылғы көрсеткiштен 1,6 есеге артық. 192,5 мың тонна ұн 7 елге экспортталды, негiзiнде Тәжiкiстанға, Өзбекiстанға, Қырғызстанға, Ауғаныстанға. 22,6 мың тонна рапс негiзiнде Латвия. Эстония және Ресейге экспортталды.

Қазақстанның бiрқатар қалаларына (Астана, Карағанды, Павлодар, Степногорск, Өскемен, Атырау қ.) ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша мал шаруашылығы өнiмдерi (ет, сүт өнiмдерi) тиелдi.

Сауда

Iшкi сауда

Сауда — облыс экономикалық қызметiнiң iрi салаларының бiрi, оның дамуы — экономиканың табысты қызмет ету шарттарының бiрi.

Облыстағы экономикалық аһуалдың ұдайы жақсаруы және халықтың табыс деңгейiнiң артуы бөлшек сауда саласындағы келесi жағымды өзгерiстерге себепшi болады: дамыған бәсеке ортасы қалыптасқан, жоғары кәсiпкерлiк белсендiлiк айқындалған, нәтижесiнде 2007 жылғы бөлшек тауар айналымының көлемi 29463,2 млн. теңгенi құрады.

Сыртқы сауда

2007 жылғы кеден статистикалық мәлiметтерi бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы 2006 жылмен салыстырғанда 49,9 % есеге өсiп, 1676,5 млн. АҚШ долларын құрады, соның iшiнде экспорт — 675,2 млн. АҚШ доллары (өсiм 58,2 %), импорт — 1001,3 млн. АҚШ доллары (өсiм 44,8 %),

Экспорт бойынша негiзгi серiктестерi Украина (барлық экспотр көлемiнiң 14,3 %), Әзiрбайжан (11,4 %), Ресей Федерациясы (10,1 %), Тәжiкiстан (6,2 %), Италия (6,1 %), Тунис (5,0 %) болып табылады. Экспорттық жеткiзiлiмдерде мына тауарлық топтпрдың азық-түлiктерi барынша көп үлестi орынға ие болады: «дәндi-дақылдан жасалған нан» (экспорттың барлық көлемiнен 60,8 % немесе 410,5 млн. АҚШ доллары), «минералды отын және мұнай өнiмi» (19,2 % немесе 129,8 млн. АҚШ доллары), мал және өсiмдiк өнiмдерi» (9,6 % немесе 64,7 млн. АҚШ доллары), «терi шикiзаты» (5,4 % немесе 36,3 млн. АҚШ доллары).

Сыртқы сауда айналымының өсуiне астық, ұн және басқа мал мен өсiмдiк өнiмдерi ТМД және алыс шетелдерге экспорттың өсуi ықпал еттi.

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынға келесi өнiм топтары ие болды: «минералды отын және мұнай өнiмi» (импорттың жалпы көлемiнен 38,2 % немесе 382,9 млн. АҚШ доллары), «жабдықтар, құралдар және аппараттар» (18,0 % немесе 180,7 млн. АҚШ доллары), «машиналар, транспорттық құралдар» (16,8 % немесе 168,2 млн. АҚШ доллары).

Туризм

2008 жылғы 1 қаңтарда облыста 21 туристiк ұйым жұмыс iстейдi. Қызметтiң негiзгi түрлерi — iшкi және шығу туризмi. Iшкi бағыттарда 2007 жылы 10000-нан астам турист пен экскурсантқа қызмет көрсетiлген .

Кәсiпкерлiктi дамыту

2003 жылдан 2007 жылға дейiнгi мерзiмде облыста шағын кәсiпкерлiктiң тiркелген де, жұмыс iстейтiн де субъектiлер санының артуы байқалады.

2004 жылғы 1 қаңтарда 23803 бiрлiкке жеткен тiркелген субъектiлер саны 2008 ж. 1 қаңтарда 21,0 %-ға өстi және 28774 құрады.

Шағын кәсiпкерлiкте қамтылғандар саны 2003 ж. 54,3 мың адамнан 18,4 %-ға өстi және 2007 ж. аяғында 64,3 мың адамға жеттi.

2007 ж. облыстың барлық қаржы ұйымдарымен (екiншi деңгейлi банкiлердiң 15 филиалымен, СҚО бойынша «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ ӨФ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ СҚФ, 30 микрокредиттiк ұйыммен және 13 селолық кредиттiк серiктестiкпен) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берiлген кредиттiк қаражаттар сомасы 2003 ж. салыстырғанда 6 есе өстi және берiлген қарыздардың жалпы көлемiнiң 50 %-дайын құрап, 38,6 млрд. теңгеге жеттi.

2007 жылы кәсiпкерлiктi қолдау үшiн өндiрiстiк қызметтi және тұрғындарға қызмет көрсетудi ұйымдастыру мақсатында кәсiпкерлiк субъектiлерiне коммуналдық меншiктiң пайдаланылмайтын 31 объектiсi сенiмдi басқаруға берiлдi, шарттардың орындалмауына байланысты 4 шарт бұзылды, пәтер және тұрғын үйлердi қайта жоспарлау жөнiндегi 143 шешiм қабылданды, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға 91,8 мың. га жалпы алаңымен 1133 жер телiмi сатылды және жалға берiлдi.

2007 год облыстың селолық елдi мекендерiнде кәсiпкерлермен инфрақұрылымның 668 жаңа объектiсi ашылған. Шағын және орта бизнес субъектiлерi қызметiнiң барлық салаларында жыл iшiнде — 7,5 мың қосымша жұмыс орны, соның iшiнде жеке кәсiпкерлермен 5,1 мың қосымша жұмыс орны құрылған.

Облыстың жол желiсi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жалпы пайдаланыстағы көлiк жол желiсiнiң ұзақтығы 9001,4 км құрайды, соның iшiнде республикалық маңызды — 1468 км, облыстық маңызды — 3622 км, аудандық маңызды — 3911,4 км.

Жалпы автомобиль жолдары желiсiнен (9001,4 км) автомобиль жолдары мынаны құрайды:

  1. асфальт-бетон және қара жамылғымен — 4445,5 км (50 %);
  2. қиыршықтасты жамылғымен  — 2610 км (29 %);
  3. топырақты және жақсартылған жолдар — 1945,9 км (21 %).

Облыстың автомобиль жолдарында ұзақтығы 57 көпiр және 3790 п.м. жолөткел, ұзақтығы 32086 п.м. 2235 су өткiзгiш құбыр орналасқан.

Коммуникациялар

Су шаруашылығы кешенiнiң құрылымында ұзындығы 3065,9 км 5 топты су құбыры маңызды орын алады, олардың iшiнен Булаев — 1949,25 км, Есiл — 546,9 км, Преснов — 400,45 км, Соколов — 139,8 км, Сергеев — 29,5 км Есiл ө. басты құрылыстарымен. Кентiшкi және қалалық су құбырлар желiсiнiң ұзындығы 810 км артық.

Негiзгi капиталға инвестициялар

2007 жылы 39928,5 млн. теңге инвестициялар меңгерiлдi, бұл 2006 жылғы деңгейге 111,3 % құрайды .

Негiзгi капиталға инвестициялардың негiзгi көзi мекемелер мен кәсiпорындардың меншiктi қаражаттары болып табылады (77,9 %). Республикалық және жергiлiктi бюджеттiн қаражаттары негiзiнде мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаларды орындауға пайдаланды.

2006 жылға қарағанда 2007 жылы бiлiм беру объектiлерiнiң құрылысына 1,9 есе артық қаражат шығындалды, тұрғын үй құрылысына — 1,1 есе артық.

Облытың 82 объектiлерiнiң құрылысына республикалық бюджеттiң 7019,8 млн. теңге нысаналы трансферттерi шығындалды және жергiлiктi бюджеттен.

Несиелеу есебiнен республикалық бюджеттен 473 млн. теңге сомаға 4 тұрғынүй құрылысы жүргiзiлдi.

Республикалық бюджеттен 856,1 млн. теңге сома қаражат бiлiм берудiң 1 объектiсi құрылысына, 4 — сумен қамтамасыз етуге, кеден инфрақұрылымының 2 объектiсiне, сот жүйесiнiң 1 объектiсiне пайдаланды.

2007 жылы мыналар қолдануға ендiрiлдi: Ақжар ауданы Талшық с. 200 келiм-кетiмдiк емханасымен 100 төсекорынға арналған орталық аудандық аурухана, Петропавл қ. 1100 орынға арналған қазақ тiлiнде оқытатын мектеп, Аққайың ауданы Полтавка с. 180 орынға арналған орта мектеп, Жамбыл ауданы Пресновка с. 400 орынға арналған қазақ тiлiнде оқытатын мектеп, Тимирязев ауданы Тимирязев с. 400 орындық жатын корпусымен 150 орынға арналған мектеп-интернаты, Айыртау ауданы Қарасай батыр с. 132 орынға арналған мектеп, Ақжар ауданы Ленинградское с. 125 орынға арналған балабақша, Петропавл қ. Парковая к. спортзал және санитарлы-эпидемиологиялық орталықтың жанында виварий, Айыртау ауданы Саумалкөл с. тазатру иматтары пайдалануға ендiрiлдi.

Соңғы жылдарда әлеуметтiк салаға инвестициялардың өсуi байқалды. Сөйтiп, бiлiм беру объектiлердiң құрылысына және қайта жаңғыртуларына бағытталған инвестициялардың үлес салмағы 2002 жылы 1,4 % құраса, ал 2007 жылы — 9,0 % құрады. Денсаулық сақтау объектiлердiң құрылысына және қайта жаңғыртуларына бағытталған инвестициялардың үлес салмағы толық көлемiнде 2002 0,7 % 2007 ж. 2,2 %-ға дейiн өстi.

Сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң құрылысына 1,6 млрд. тенге шығындалды, бұл 14,2 мың адам тұратын 25 елдi мекенге су беруге және 87,9 мың адам тұратын 35 елдi мекендi сумен қамтамасыз етiлудi жақсартуға мүмкiндiк бердi.

Республикалық бюджеттен 983,8 млн. теңге сома нысаналы трасферттер есебiнен 113,6 км құрылыс орындалды, жергiлiктi бюджет қаражат есебiнен облыстың 8 елдi мекенiнде таратушы желiлiсiнiң 22 км және су құбырлары имараты мен жергiлiктi жерасты сулардан 11 бас ұңғымалық бастоған реконструкцияланды, сондай-ақ Петропавл қ. суқұбырының 2 км.

2008 жылғы 1 қаңтарға облыстың 727 ауылдық елдi мекенiнiң және 4 ауданға бағынысты қалаласының 182 елдi мекенi суды топтық су құбырлардан пайдаланады, 20-әкелiнетiн судан, 428-санитарлық нормаға сәйкес жергiлiктi көздерден, 101-сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесiн шешудi қажет етедi.

2007 жылы облыстың кәсiпорындарымен 622,5 млн. теңге сомаға 5 iрi инвестициялық жоба iске қосылды, соның iшiнде «Мұнаймаш» АҚ — бiрлесе отырып, сапалы ұңғымалық штангалық сорғыларды шығару үшiн технологиялық базасын жаңарту бойынша, керамикалық қаптамалық кiрпiш шығару жөнiндегi зауыт құрылысы бойынша «Жансая» ЖШС, «Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС — поэлителен және пропилен құбырлар, металлжабынқыш және профнастил, қабырғалық және жабын сэндвич-панельдер шығару, «Сби-Агро» ЖШС — жаңа жабдықтау орнату арқылы шұжық бұйымдарының өндiрiсiн кеңейту, «Молочный союз» ЖШС — ұзақ мерзiм сақталатын сүт өнiмдерiнiң өндiрiсi бойынша цехты қайта жаңғырту.

Тұрғын үй құрылысы.

Тұрғын үй құрылысына жiберiлген қаржының өсу нәтижесiнде ендiрiлетiн тұрғын үй көлемi күрт өстi. 2007 жылы қаржыландырудың барлық көздерi есебiнен баспананың 169,8 мың шаршы метрi пайдалануға берiлдi, бұл 2006 жылғымен салыстырғанда 12,7 пайызға артық, оның iшiнде: халықтың қаражаты есебiнен 120,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, республикалық бюджеттен трансферт арқылы тұрғын үйдiң 150 пәтерлi (4 үй), жалпы аумағы 12,3 мың шаршы метр, республикалық бюджеттен кредиттiк қаржы арқылы 215 пәтерi (4 үй), жалпы аумағы 20,9 мың шаршы метр, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жалпы аумағы 0,9 мың шаршы метр және кәсiпорындардың қаражаты есебiнен 15,3 мың шаршы метр.

2007 жылға бөлiнген қаражаттар есебiнен 1025 млн. теңгеге жеке тұрғын үй құрылысының «Шығыс», «Орман», «Набережная» шағын аудандарына инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға инженерлiк коммуникациялар салынады.

2005-2007 жылдарға арналған облыстың тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын iске асыру мерзiмiнде барлық аудан орталығында және Петропавл қаласында бас жоспарлар әзiрлендi, жалпы облыстың және Петропавл қаласының қала салу кадастры дайындалды. 2005-2007 жылдары облыстың 100 iрi елдi мекенiнiң бас жоспарлары әзiрлендi.

Қаржылық жағдай

Статистикалық мәлiметтер бойынша 2007 жылдың 3 тоқсанында облыс кәсiпорындары мен ұйымдарының сальдоландырылған қаржылық жұмыс нәтижелерi (экономиканың нақты секторы) 1556,9 млн.теңге сомадағы залал ретiнде айқындалды.

2007 жылғы 3 тоқсанның нәтижелерi бойынша 113 кәсiпорын залал шектi (кәсiпорындардың жалпы санына 42,5 %), жалпы, олар шеккен залалдың сомасы 4152,5 млн. теңгенi құрады. 153 кәсiпорын немесе кәсiпорындардың жалпы санының 57,5 % пайдалы болды, олардың пайда сомасы 2595,6 млн. теңге.

2007 жылғы 1 қазанға облыс ұйымдары мен кәсiпорындардың (экономиканың нақты секторы) жалақы бойынша берешек 1329,8 млн. теңгенi құрады, одан мерзiмi өткен — 74,0 млн. теңге.

2007 жылғы 1 қазанға облыс ұйымдары мен кәсiпорындардың дебиторлық берешек 30699,7 млн. теңгенi құрады,одан мерзiмi өткен — 1477,9 млн. теңге (4,8 %).

Еңбек рыногы және жұмыспен қамту

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс облыста мақсатты бағытта жүргiзiледi. 2007 жылы тұтастай алғанда облыс бойынша облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуы және халықты жұмыспен қамтудың белсендi нысандарын қолдану еңбек рыногындағы ахуалды жақсартуға мүмкiндiк туғызды.

2007 жылы 8,5 мың адам жұмысқа орналасту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға арызданды, ол 2006 жылмен салыстырғанда 11 %-ке кем. Арызданғандардың 100,8 % жұмысқа орналастырылды, ол 2006 жылға қарағанда 415 адамға артық. Өткен кезеңде 3,8 мың азамат жұмыссыз деп танылды, ол 2006 жылдың деңгейiнен 24,7 % кем. 2007 жылы тiркелген жұмыссыздық деңгейi 0,4 проценттiк тармаққа төмендедi және ол 2008 жылғы 1 қаңтарға облыстың экономикалық белсендi халқының 0,9 процентiн құрады. 2007 жылы жұмыспен қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда жұмыссыз ретiнде тiркелеген 1,7 мың аз қамтамасыз етiлген азаматқа 18,6 млн. теңге мөлшерiнде мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды.

Жалақы

2002-2007 жылдарғы кезеңде халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2,1 есе артты. 2007 жылы бiр қызметкердiң орташа номиналы айлық жалақысы 2006 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 26,6 % арттып 34424 теңгенi құрады.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

2007 жылдың басында кедейлiк шегiнен төмен туратын халықтын саны облыс бойынша 19,2 мың адамды құраса жылы аяғында бул көрсеткiш 17,1 мың адамды құрады, яғни 2182 адамға 11,3 %-ға азайды. Облыс халқының жалпы санына, нақты кедейлiк шегiнiң деңгейi 2,6 % құрады, ол өткен жылдың көрсеткiшiне қарағанда 0,3 пайыздық тармаққа кем.

Бiлiм беру

2007-2008 оқу жылында облыста 667 бiлiм ұйымы қызмет етедi, соның iшiнде 3 мемлекеттiк емес тұрпаттағы. Барлығы 92,5 мың оқушы бар, соның iшiнде 664 мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептiң 92,3 мың оқушы бар.

667 мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептiң 149 — қазақ тiлiнде оқытады, 100 — қазақ және орыс тiлдерiнде аралас оқиды.

Барлық жалпы бiлiм беретiн мектептер компьютерлiк техникамен жабдықталған және Интернет желiсiне қосылған.

Республикада тұңғыш рет «OқyNet.kz" ақпараттық-бiлiм беру желiсi құрылып оған 150 бiлiм беру ұйымының қолжетiмдiлiгi бар.

ҰБТ-2007 қортындылары бойынша орта мектеп бiтiрушiлерi 70,05 ұпай (2006 ж. 64,43) көрсеттi. «Алтын белгi» белгiсiне қол жеткiзгендердiң саны 34 оқушыны құрады (2006 ж. — 18 адам).

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша облыс орта мектептерiнiң 58 бiтiрушiсi оқытылуда.

Облыстың техникалық және кәсiптiк ұйымдары 4,3 мың оқушыны қамтитын 16 мемлекеттiк және 4 жеке меншiк кәсiптiк лицейлерiн қамтиды.

12 колледжде (оның 4-жеке меншiк) 13,2 мың оқушы оқиды. Онда 60 мамандық және 36 кәсiп бойынша даярлау жүргiзiледi.

Денсаулық сақтау

Облыстың денсаулық сақтау iсi 235 емдеу-алдын алу ұйымдарымен, оның құрамына кiретiн 5678 төсек-орын санымен 49 ауруханалық ұйыммен көрсетiлген (солардың iшiнде мемлекеттiк –5643 төсек-орынға 47, ведомстволық — 30 төсек-орынға 1, жеке — 5 төсек-орынға 1).

Облыс аудандарында 1448 төсек-орындық 13 орталық аудандық аурухана және 410 төсек-орындық 13 ауылдық аурухана, 810 төсек-орындық туберкулезге қарсы диспансер, 157 дәрiгерлiк амбулаториялар, 496 медициналық пункттер жұмыс iстейдi.

Денсаулық сақтау саласы бойынша бюджеттiң жалпы көлемi өткен жылмен салыстырғанда 31% ұлғайды, бұл 11941 млн. теңгенi құрады. Ақжар ауданының Талшық селосында жалпы құны 1,1 млрд. теңгенiң 100 төсек-орындық 200 қабылдауға арналған емханасымен бiрге орталық аудандық арухана құрылысы аяқталды және енгiзiлдi. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды ұлғайту нәтижесiнде 66 емдеу-алдын алу ұйымда күрделi жөндеу жүргiзiлдi, 2006 жылғы 48-ге қарсы.

Денсаулық сақтау объектiлердiң материалдық-техникалық жарақтандыруы жақсаруда. 2007 жылы 1 569,6 млн. теңге сомада қаражат бөлiндi, соның iшiнде жергiлiктi бюджеттен — 283,7 млн. теңге.

Мәдениет

2007 жылы мәдениет объектiлерiнiң желiсiн кеңейту және сақтау бойынша жұмыс жалғастырылды. Барлығы облыста 591 объект бар, соның iшiнде 430 мемлекеттiк. Мәдениет объектiлерi желiсiне 3 театр, 1 филармония, 10 мұражай, барлық меншiк түрендегi 256 клуб (111 мемлекеттiк), барлық меншiк түрендегi 313 кiтапхана (299 мемлекеттiк), 7 киноқұрылғысы (соның iшiнде 5 мемлекеттiк), 5 киноежiре, сонымен қатар 18 телетеатр.

Өткен жылда 27079 iс-шаралар өткiзiлдi. Түрлi жанрда және бағытта 17 облыстық байқаулар мен фестивальдар өткiзiлдi.

Облыстық театрлар мен филармония 541 спектакль мен 143 концерт ұйымдастырды.

Спорт

Облыста 2109 спорт ғимараттары жұмыс iстейдi: 31 стадион, 2 спорт кешенi, 519 спорт залы, 9 хауыз, 16 шаңғы базасы, 88 ату тирi, 6 теннис корты, 229 құрылған және бейiмделген үй-жай, 1199 жайдақ имараттар (оның iшiнде 45 хоккей корты), 2 ипподром, 3 ату кешенi, 1 боулинг орталығы, 4 бильярд залы.

2007 жылы дене шынықтуры және спортпен жүйелi түрде айналысатындардың саны 100,6 мың адамды құрады (облыс халқының жалпы санының 15,4 %), спорттың 60 түрi кеңiнен таралған.

Жоғары класты спортшыларды және спорттық резервтi даярлаумен облысымызда 25 балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi айналысады, соның iшiнде 3 олимпиадалық резерв мектебi — «Виктория», велоспорттан және «Дельфин» су спорт түрлерiнен, спорттық акробатикадан және К.Байболов атындағы қысқы спорт түрлерiнен БЖСМ, сондай-ақ облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, олимпиадалық резервтi даярлау орталығы.

Қылмыстық

Өткен жылы қылмыстың жеке түрлерi бойынша күрестiң көрсеткiшiн жақсарту мүмкiн болды. Сонымен, кешендi алдын-алу және жедел-iздестiру шараларының нәтижесiнде 2006 жылмен салыстырғанда облыс аумағында жасалған аса ауыр қылмыс, кiсi өлтiру, қарақшылық, зорлау, бопсалаушылық, бөтен бiреудiң мүлкiн тонау қысқарды.

Сонымен бiрге, облыста жалпы қылмыстылық өстi. Аса ауыр қылмыс, соның iшiнде: тонау, қасақана денсаулыққа зиян келтiру, бұзақылық, пәтер тонау, өлiмге әкелген ЖКО, ұрлау мақсатынсыз көлiк құралдарымен иелену, нашақорлықпен байланысты қылмыс өстi. Барлығы 2007 жылы облыс аумағында 4532 қылмыс тiркелген (2006 жылы — 4592), 70,4 % ашылған (2006 жылы — 70,4 %).

Паспортқа қосымша
 
  Copyright © 2008 Солтүстiк Қазақстан облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы ММ  
ГУ «Департамент экономики и бюджетного планирования СКО»